23.10.2007, 15:11 2962

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды

Шымкент. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник мәлім етті. Сөйтіп, ВИЧ індетін жұқтырғандардың жалпы саны 138 адамға жетті, деді ол.

СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабинаның агенттік тілшісіне берген түсініктемесіне сәйкес, "ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталған соңғы бала Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тұрады. Ол жалпы төрт мәрте, соның ішінде облыстық балалар ауруханасына да жатқызылған".

Сөйтіп, ВИЧ індетін жұқтырғандардың жалпы саны 138 адамға жетті, соның ішінде он бала қайтыс болды, бір баланы шетелге асырап алып кеткен, 17 әйелден ВИЧ індеті анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны