29.09.2006, 12:40 3138

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетінің белең алуына жүргізілген тексерулер барысында тағы бірқатар қылмыстық істер қозғалды

ШЫМКЕНТ. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетінің белең алуына жүргізілген тексерулер барысында тағы бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында Бас прокурордың аға көмекшісі Төрехан Адай құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тергеу барысы көрсеткендей, ауру ошағы тек облыстық балалар ауруханасында ғана емес, сонымен бірге қалалық балалар ауруханасында да болуы мүмкін екендігі анықталды",- деді Т.Адай.

Оның айтуынша, қазір қалалық №1 және №2 балалар ауруханаларының басшылығының үстінен , атап айтсақ, бас дәрігерлер мен олардың орынбасарлары мен реанимациялық және емшектегі балалараға арналған бөлімшелердің меңгерушілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен бірге облыстық балалар ауруханасында 557 мың теңгенің кем шығу дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. "Бұл іс бойынша аурухананың бас дәрігері, есепшісі мен кассирі жауапқа тартылды",- деді Бас прокурордың көмекшісі.

Бұған дейін қозғалған қылмыстық істердің аясында барлық күдіктілерден жауап алынды, соның ішінде денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның орынбасарлары сұраққа жауап берді, деді ол.

"Тергеу жұмыстары ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тұрақты өсіп бара жатқандығымен қиындап отыр. Балалардың өздері мен олардың ауру тарихын іздеу қажеттігі туындауда",- деді Т.Адай. Ол облыс басшылығынан арнайы кеңсе техникасы мен қосымша мамандар бөлуді сұрады. Ө.Шүкеев қажетті сұраныс тез арада қанағаттандырылды , деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны