14.11.2016, 14:04 3996

Оӊтүстік Қазақстан облысында VII азаматтық форумы өтті

"Елбасымыздыӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарындағы халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру мақсатында "Қоғамдық кеӊестер туралы" Заӊ қабылданып, республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деӊгейлерде қоғамдық кеӊестер құрылған. Осындай ұйымдардыӊ құрамына қоғамныӊ түрлі саласыныӊ мүддесін білдіретін бірлестіктердіӊ 80-ге жуық жетекшілері енгізілген. Бұл Ата заӊымызда көрсетілген азаматтық қоғамды дамытуға деген мемлекеттіӊ кезекті бір қадамы деуге болады", - деді Ж.Түймебаев.

Шымкент. 14 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында сенбі күні үкіметтік емес ұйымдарыныӊ облыстық VII Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиын басталардан бұрын ұйымдастырылған үкіметтік емес ұйымдардыӊ әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеӊкесін көрді.

Азаматтық форумда сөз алған аймақ басшысы бүгінде қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес сектор, белсенді және бастамашыл азаматтарсыз біздіӊ мемлекеттілігіміздіӊ саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын көзге елестету мүмкін еместігін айтты.

"Елбасымыздыӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарындағы халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру мақсатында "Қоғамдық кеӊестер туралы" Заӊ қабылданып, республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деӊгейлерде қоғамдық кеӊестер құрылған. Осындай ұйымдардыӊ құрамына қоғамныӊ түрлі саласыныӊ мүддесін білдіретін бірлестіктердіӊ 80-ге жуық жетекшілері енгізілген. Бұл Ата заӊымызда көрсетілген азаматтық қоғамды дамытуға деген мемлекеттіӊ кезекті бір қадамы деуге болады", - деді Ж.Түймебаев.

Сонымен бірге, өз сөзінде өӊір басшысы азаматтық қоғамды дамыту үшін бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, әкім аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен толеранттылықты тереӊдетіп, халықты әлеуметтік қорғау, оныӊ ішінде, әсіресе, қоғамныӊ әлсіз топтарына көмек беруді айтты. Сонымен қатар, Жансейіт Қансейітұлы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлт аралық қатынаста әдептілікті сақтау қажеттігіне тоқталып, діни экстремизм мен терроризмге бірлесе қарсылық таныту керектігін жеткізді.

Мұнан соӊ, алқалы жиында облыстағы белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері марапатталып, әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеӊкесініӊ жеӊімпаздары құттықталды. Сондай-ақ, VII Азаматтық Форумға келген делегаттардыӊ тізімін бекітілді.

Айта кетейік, облыстағы қоғамдық ұйымдардыӊ саны 2000 жылдары 400-ге жуық болса, 2016 жылы олардыӊ саны 1200-ді құрап, яғни 67 пайызға өсіп отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстыӊ ауқымын көрсету үшін төмендегі көрсеткішті айтсақ. Егер 2006 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға 6 миллион теӊге бөлінген болса, ал бүгінде 540 миллионнан астам теӊге қаржы қаралған. Осыған байланысты облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бастапқыда 1 ғана облыстық басқарма (облыстық ішкі саясат басқармасы) жұмыс істесе, бүгінгі күнге үкіметтік емес ұйымдармен аудан, қала әкімдіктерімен қатар 5 облыстық басқарма жұмыс істейді.

Қоғамдық бірлестіктер бойынша еӊ либералды заӊ біздіӊ мемлекетіміздіӊ еншісінде. Көршілес мемлекеттерде тиісті органдарға бір рет есебін бермеген қоғамдық ұйымдарға оларды жабу процедурасын қолданады.

Илеуметтік міндеттемелердіӊ бір бөлігін азаматтық қоғамныӊ өз міндетіне алуы өркениетті әлемде қалыпты құбылыс болып саналады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны