19.02.2007, 15:55 3094

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз әрекет еткен діни ұйым әшкереленді

ШЫМКЕНТ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Прокуратура Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында осы күнге дейін заңсыз әрекет етіп келген діни ұйымды әшкереледі. Бұл туралы журналистерге Ордабасы аудандық прокурорының көмекшісі Батыр Ергешев хабарлады.

"Шұбарсу ауылының шетінде құрамында тоғыз мүшесі бар "Шапағат ұлы ислам" заңсыз діни бірлестігі анықталды. Ұсталған азаматтар жеке үйлерде тұрады, және өздерінің айтуынша олар исламды зерделеумен айналысады",- деді Б. Ергешев.

Аудандық прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, діни ұйымның мүшелері бұл жерде бір жарым жылдан бері тұрады. Адамдар бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген.

"Аталмыш діни бірлестік Жамбыл облысында тіркелген және де сол жерде құрылған. Құрамында тоғыз мүшесі бар бөлімшесі № 1 бұйрықпен ашылған. Бұл бөлімше бір жарым жылдан бері әділет органдарында тіркелмеген",- деді Б. Ергешев.

Прокуратураның қызметкерлері анықтағандай, ұйымды Өзбекстанда тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" партиясының іс-қызметіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған адам басқарған.

Б. Ергешевтың сөздеріне сүйенсек, заңсыз діни ұйымның қызметі прокуратураның шешімімен тоқтатылып, басшысына 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен, ұйым мүшелері адвокат жалдап, діни бірлестіктің заңды тіркелуіне қатысты мәселенің жуық арада шешілетіндегін айтып бағуда.

Облыстық ішкі саясат департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта облыс аумағында 668 діни бірлестік бар, олардың 570-і мұсылман, 77 протестанттық, 19-і православиелік, сондай-ақ, бір-бірден иудейлік, буддистік және католик діни бірлестіктер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны