11.10.2006, 18:07 3355

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа қан құю орталығының құрылысына 1,4 млрд.теңге бөлінеді

АСТАНА. 11 қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында салынатын жаңа қан құю орталығының құрылысына 1,4 млрд.теңге бөлінеді ,бұл жөнінде бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой мәлімдеді.

"Үкімет отырысында Оңтүстік Қазақстан облысына салынатын жаңа қан құю орталығына 1,4 млрд. теңге, медициналық құрал- саймандармен, емдеу профилактикалық мекемелерді қажетті жабдықтармен толықтыру үшін 489 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылданды", деді министр.

А. Дерноводың айтуынша, "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі экономика және бюджетті жоспарлау министрлігімен біріге отырып осы облыста тараған ВИЧ індетінің салдарын жоюға қажетті қаржы есебі әзірленген және қосымша 101 млн.теңге бөлу жөнінде үкімет қаулысының жобасы" жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны