28.10.2016, 16:19 4519

Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊа қойылымныӊ тұсауы кесілді

Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында тұӊғыш рет Бейімбет Майлинніӊ "Шұғаныӊ белгісі" әӊгімесі бойынша дайындалған қойылымныӊ премьерасы өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 28 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында тұӊғыш рет Бейімбет Майлинніӊ "Шұғаныӊ белгісі" әӊгімесі бойынша дайындалған қойылымныӊ премьерасы өтті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аудан әртістерініӊ Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арнаған тартуына көрермен көп жиналды.

Өткен ғасыр басында елімізде орын алған оқиғаларды, ауыл адамдарыныӊ санасындағы өзгерістер мен жаӊаруларды, халықтыӊ бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдіӊ шытырман қайшылықтарын суреттеген шығарма сахна тілінде де әсерлі шықты. Пьесада бірін-бірі сүйген екі жастыӊ - Шұға мен Ибдірахманныӊ арманына жете алмаған трагедиялық халі көрсетілді.

Отырар халық театры осы қойылым арқылы жастардыӊ бойына отансүйгіштікті, махабатты қадірлеуді, құндылықтарды ұмытпауды дәріптеуді жөн көріпті. Премьераға аудан әкімі Ерлан Айтаханов та арнайы қатысып, экономиканы ғана емес, мәдениет саласын да дамыту маӊызды іс екенін жеткізді.

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар бүгін Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын тапты. Мұнда "Біз Тәуелсіз елдіӊ ұланымыз" атты аудандық жыр мүшайрасы өтті. Оған аудандағы 27 мектептен 30 оқушы қатысты.

Дәстүр мен мәдениет - ұлттыӊ генетикалық коды.

Патшалықтыӊ, төӊкеріс дүмпуі мен тоталитаризмніӊ барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздіӊ еліміздіӊ аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардыӊ өкілдері өздерініӊ мәдени ерекшеліктерін сақтай алды.

Тәуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздіӊ мәдени іргетасымыз беки түсті.

Қазақстан - бірегей ел. Біздіӊ қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады.

Біз өзіміздіӊ ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны