27.10.2016, 14:05 4728

Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊа саябақ пайдалануға берілді

Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай жаӊа саябақ пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Отырар ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай жаӊа саябақ пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Темір ауылдық округі орталығында бой көтерген "Ардагерлер" саябағы халық игілігіне берілді.

Саябақтыӊ ашылу салтанатына аудан әкімі Ерлан Айтаханов "Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейлі мерекесі темірліктер үшін табысты болды. Өткен аптада ұлағатты ұстаз Бегім Басов көшесі қайта жаӊғыртылды. Бүгін жергілікті тұрғындар және қонақтар демалатын "Ардагерлер" саябағы пайдалануға беріліп отыр. Бұл қарияларға деген құрмет болса, халыққа жасалған игі істіӊ бірі. Ендеше, бұл саябақ қуанышты сәттердіӊ бастауы болсын" деген тілегін жеткізді.

Елбасы Жолдауларында халықтыӊ әлеуметтік жағдайын жақсарту, ардагерлерге қолдау көрсету мәселесі айтылғанын атап өтті.

Оӊтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбіл жаӊа саябақ ардагерлердіӊ ғана емес, жастардыӊ да сүйікті демалыс орнына айналатынына сенім білдірді. Ауыл ақсақалдары Айтуар Төлеген мен Иса Досан игілікті істі қолға алған азаматтарға тұрғындар атынан алғыстарын айтты.

Салтанатты шарада саябақтыӊ лентасы қиылып, қонақтар көшет отырғызды. Ауданныӊ өнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынып, жұртшылыққа мерекелік көӊіл-күй сыйлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны