26.12.2006, 11:19 3000

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармайдың бағасы маусымға сай арзандатыла бастады

ШЫМКЕНТ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармайдың бағасы маусымға сай арзандатыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығы екі есе азайды. Осыған сәйкес ірі компаниялар өздерінің көтерме саудадағы бағасын төмендете бастады",- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров. Оның айтуынша, "PetroKazakhstan Oil Products" ЖШС-нің өнім босату торабында АИ-80 маркалы жанармайдың көтерме бағасы бір айда тоннасына 580 -нен 488 долларға дейін, яғни, шамамен 100 долларға төмендеді. "Бұл өнім сатылмай, баға арзандай бастағанын білдіреді",- деді Қ.Қамбаров.

Облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығы басшылығының мәліметінше, басқа компаниялар да бағаны арзандата бастады. Қ.Қамбаровтың айтуынша, облыстағы жанармай тарату бекеттеріндегі жанар-жағармай құны қараша айымен салыстырғанда 5-6 теңгеге төмендеді. Қазір АИ-80 маркалы жанармайын 54-56 теңгеге, АИ-92 -ні 74-76 теңгеге, ал АИ-96 -ны 80 теңгеге сатып алуға болады. Осыдан бір ай бұрынғы дизельдік отын тапшылығы да қазір байқалмайды.

Облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығы мүшелерінің пікірінше, жанар-жағармай бағасы келесі жылдың бастапқы айлары мен көктемгі тұқым себу науқанына дейін осы деңгейде қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны