07.06.2006, 11:36 2927

Оңтүстік Қазақстан облысында “Жасыл ел” топтары мен студенттердің құрылыс отрядтарына 1700 студент жұмылдырылмақ

ШЫМКЕНТ. 7-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында “Жасыл ел” топтары мен студенттердің құрылыс отрядтарына 1700 студент жұмылдырылмақ. Осындай мәліметтер кеше студенттердің құрылыс отрядтары мүшелерінің облыстық слетінде жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

300 адам “Нұрсәт” ықшам ауданын салуға, ал 700 студент кедейлерге арналған үйлер тұрғызылып жатқан “Достық“ ықшамауданын салуға жіберіледі. Бүгін онда кеше студенттердің құрылыс отрядтарының мүшелері орналасатын лагерьдің негізі қаланып, 10-маусымда студенттер жұмысқа кіріседі.

“Достық“ ықшамауданын салуға қатысатын сутенттердің жалақысы “Өркениет” қоғамдық қорынан, ал “Нұрсәт” ықшам ауданын салуға қатысатын студенттердің жалақысы ипотекалық тұрғын үй салу жөніндегі мемлекеттік тапсырысқа арналған мемлекеттік қаржыдан бөлінеді.

700-дей адам “Жасыл ел” тобына қамтылады. Соның ішінде 300 орын жұмыссыз ауыл жастарына арналып отыр. Олар орманды алқаптарды тазарту, ағаштарды кесу және тұқымбақтарды баптаумен шұғылданады. “Жасыл ел” тобы мүшелерінің еңбекақысы республикалық бюджет пен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі облыстық қордан төленеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында студенттердің құрылыс отрядтарының жұмысы 2003-жылы қайта жанданды. Сол жылы 183 студент Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен зардап шеккен Луговое ауылын қалпына келтіруге қатысты. 2004-жылы 240 адам отряд құрамында жұмыс істесе, 2005-жылы студенттердің құрылыс отрядтарының аясында 457 студент жұмыспен қамтылып, 100-ден астам студент “Жасыл ел” тобында жұмыс істеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны