10.05.2018, 20:09 3562

Оӊтүстік Қазақстан облысында Жеӊіс күні созақтық 6 соғыс ардагеріне автөкөлік табысталды

Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеӊістіӊ 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды.

Шымкент. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеӊістіӊ 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаӊа нива автокөліктердіӊ кілтін Жеӊіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды.

Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық "Белгісіз сарбаз" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарыныӊ рухына тағзым етті.

Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында еӊ ауыр және қанды соғыстыӊ соӊғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдыӊ 9 мамыры жұртшылық жадында ерлік үлгісі, мұқалмас ерік жігер мен қажырлы еӊбектіӊ символына айналды. Осынау қанды қырғында, ауданнан 6 мыӊдай азамат отанын қорғауға аттанса, олардыӊ жартысынан көбі соғыс даласында қаза тауып, елге оралмады. Олар өз өмірлерін қия отырып, өзінен кейінгі мыӊдаған, милиондаған ұрпақтарыныӊ өмірлерін аман сақтап қалды.

Сұрапыл соғыс жылдары созақтық қаһарман жауынгерлер өздерініӊ бар ынта жігерлерініӊ арқасында Жеӊіске жетуге өзіндік із қалдырды. Бүгінгі таӊда солардан қалған көзі тірісі 6 соғыс ардагері ғана ортамызда.

Одан бөлек, уран өндіретін "Катко", "Инкай" компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды. Мереке күндері ауған соғысы, Чернобыль апатына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне де аудандық бюджеттен қаржылай сыйлық табыс етілді.

Меркелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны