14.09.2007, 17:28 3297

Оңтүстік Қазақстан облысында жер телімдерін бөлу туралы өтініштерді қабылдауды тоқтата тұрмақ

Оңтүстік Қазақстан облысында жер телімдерін бөлу туралы өтініштерді қабылдауды тоқтата тұрмақ.

ШЫМКЕНТ. 14-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы облыс орталығында тұрғын үй салуға жер телімдерін бөлу туралы өтініштерді қабылдауды тоқтата тұрмақ. Бұл туралы бүгін брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Ибішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз азаматтардың Шымкетте жеке тұрғын үй салуға жер телімдерін бөлу туралы өтініш беруіне мораторий жариялау туралы мәселені пысықтау үшін заңгерге жүгіндік",- деді Ислам Ибішев.

Ол, қазір облыс орталығының жер комитетінде 50 мыңнан астам өтініштің жиналып қалғандығын, және де "өтініш қабылдаудың одан әрі жалғасып жатқандығын" түсіндіріп өтті. И. Ибішев, заңға сәйкес әрбір азамат жер телімін алуға құқылы екендігін, "бірақ тек бір ғана жер телімі" екендігін атап көрсетті. "Бірақ жер комитетінің қызметкерлері жұмысбастылыққа ұшырағаны соншалықты, өтініш бергендердің қайсысында жер телімі бар, қайсысында жоқ екендігін тексеруге үлгермей жатыр",- деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ислам Ибішев.

"Біз бұл жерді ретке келтіруге тиіспіз, бірақ бұл үшін өтініштер легін тоқтата тұру қажет",- деді И. Ибішев.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарының хабарлауынша, Шымкентте 2006 жылдан бері жер телімі бөлінбейді. "Онда инфрақұрылым - су, жарық, газ жүргізілуге тиіс, ал бізде ерте орналасқан жерлердің көбінде бұлар жоқ",- деді И. Ибішев. Ол, сондай-ақ мамандардың есептеуінше, Шымкенттегі бөлінген жер телімдерін 2008 жылдан бері жаңарту мүмкін емес, деп қосты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны