26.02.2010, 15:04 4700

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жаңадан босанған бес әйел қайтыс болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жаңадан босанған бес әйел қайтыс болды

Шымкент. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жаңадан босанған бес әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО департаментінің директоры Сүлеймен Бекқожиновқа сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, "бес оқиғаға қатысты ақпар прокуратураға жіберіліп, толық тексеріліп, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы талданды. Соның ішінде төрт оқиға алдын алуға болатын, ал біреуі - алдын алуға болмайтын оқиға деп бағаланды".

Өткен жылы ана өліміне қатысты тіркелген 27 оқиғадан біреуі ғана алдын алуға болмайтын оқиға болған деп мойындалған. ОҚО прокуратурасы ана өліміне қатысты 26 оқиғаны қарап, 13 оқиға бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тартылды, қалғандары қаралу үстінде.

Прокуратура қайтарған істер бойынша, Сүлеймен Бекқожиновтың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары жұмыс істейтін болады, әйелдердің өліміне кінәлі тұлғалар медициналық қызметпен шұғылдану категориясынан немесе сертификатынан айрылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны