03.03.2008, 14:25 3419

Оңтүстік Қазақстан облысында жылуды есептегіш құралдардың қажетті мөлшерінің 10% ғана орнатылды - антимонополиялық агенттік басқармасы

Оңтүстік Қазақстан облысында жылуды есептегіш құралдардың қажетті мөлшерінің 10% ғана орнатылды - антимонополиялық агенттік басқармасы

Шымкент. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жылуды есептегіш құралдардың қажетті мөлшерінің 10% ғана орнатылды. Табиғи монополия субьектілері тұтынушылардың есептегіш құралдарды орнатуына арнап несие қаражатын тарту жұмыстарын қарқындандыра түсуі қажет. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Нұрмахан Жолдасов брифингте хабарлады.

"Есептегіш құралдарды сатып алып орнатуға кедергі болып отырған басты себеп - ақшаның тапшылығы. Осыған байланысты табиғи монополия субьектілері есептегіш құралдарды орнатуға арнап несие қаражатын тарту жұмыстарын қарқындандыра түсуі қажет. Жалпы үй бойынша жылу энергиясын есептеу құралдарының қымбаттығын ескеріп, облыс орталығын жылумен қамтамасыз етуші "3-Энергоорталық" АҚ жалпы жылу есептегіш құралдарды орнатуды қаржыландыру мәселесін ҚР "Акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес акционерлер жиналысының күн тәртібіне шығармақшы", - деді Н. Жолдасов.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының мәліметінше, облыста 34 субъект халықты сумен қамтамасыз ету, 12 субьект жылумен қамтамасыз ету қызметін көрсетеді.

Халықты жылумен қамтамасыз ету қызметін көрсететін табиғи монополия субьектілері жалпы үйдегі жылуды есептеу құралынан қажетті 2437 данасының 254-ін орнатты. Орнату проценті - 10,4.

Су шаруашылығы жүйелері қызметін көрсететін табиғи монополия субьектілері 2132 дана жалпы үйдегі жылуды есептеу құралдарын орнатты, ал сұраныс 2219 бірлікке, немесе, 96,1 % тең. Облыста жеке су есептегіш құралдар 163 865 бар, ал сұраныс 183 609 бірлікке, немесе, 89,2% тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны