30.11.2016, 16:35 6627

Оӊтүстік Қазақстан облысында "Жұлдызды 25 күн" акциясы жоғары деӊгейде өтіп жатыр

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған акция аясында Созақ ауданындағы Қыземшек, Сызған және Созақ ауылдық округтерінде "Мен елімніӊ патриотымын" атты семинарлар өтті. Түрлі этнос өкілдері арасында өнердіӊ сан саласынан байқаулар ұйымдастырылды.

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында "Жұлдызды 25 күн" акциясы жоғары деӊгейде өтіп жатыр,- деп хабарлайды KazakhstanToday.

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған акция аясында Созақ ауданындағы Қыземшек, Сызған және Созақ ауылдық округтерінде "Мен елімніӊ патриотымын" атты семинарлар өтті. Түрлі этнос өкілдері арасында өнердіӊ сан саласынан байқаулар ұйымдастырылды.

Ұлттық валютаға" арналған күнде аудан әкімдігініӊ экономика және қаржы бөлімі қаржы саласында абыройлы еӊбек еткен азаматтар марапатталды. Сондай-ақ Шолаққорған ауылдық округінде "Төл теӊгеміздіӊ тарихы" атты "дөӊгелек үстел" өтсе, Сұлтанбек Қожанов атындағы мұражай ұжымы "Ұлттық валюта - тәуелсіздіктіӊ негізі" тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Ордабасы ауданында "Ұлттық валюта" күніне арналған мерекеде аудан әкімініӊ орынбасары Ғалымжан Үсенбаев қаржы саласы қызметкерлеріне облыстық қаржы басқармасы басшысыныӊ, аудан әкімініӊ, экономика және қаржы бөлімі басшысыныӊ Алғыс хаттарын тапсырды. Ал, Түлкібас ауданында "Бір халық, бір ел, бір тағдыр" атты мәдени іс-шара өтті. Шарада славян, өзбек және түрік этномәдени бірлестіктерініӊ өнерпаз жастары ел алдында түрлі ұлт өкілдерініӊ билерін билеп, әндерін айтып концерттік бағдарлама құрды. Дастарханға этностардыӊ ұлттық тағамдары қойылды. Мерекелік шаралар Кентауда да жалғасын тауып, "Қазақстан бірлік пен татулық мекені" форумы өтті. Сонымен қатар "Жақыныӊа жәрдемдес" қайырымдылық акциясы мен "Үлкен ел - үлкен отбасы" атты фотокөрмесі және "Ядролық қарусыз болашақ" іс-шарасы да жоғары деӊгейде ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны