25.02.2010, 17:54 4712

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы өткір мәселеге айналып отыр - депутат

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы өткір мәселеге айналып отыр - депутат

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Оңтүстік Қазақстан облысындағы 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы өткір мәселеге айналып отыр. Бұл туралы бүгін сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қуаныш Айтаханов Қазақстан Республикасының премьер-министрі К.Мәсімовтің атына Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы туралы депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Оңтүстік Қазақстан облысында халық санының көп екендігі және халықтың табиғи өсу қарқыны өте жоғары екендігі өзіңізге белгілі. Республика бойынша дүниеге келген сәбилердің төрттен бірі оңтүстікте",- деді ол.

"Алайда, облыста денсаулық сақтау саласы бойынша бюджеттен бөлінетін қаржы бір адамға шаққанда республиканың орта көрсеткішінен 20 пайызға, ал халыққа тегін берілетін медициналық көмектің кепілдік көлемі 30 пайызға аз. Бастапқы медициналық көмек көрсету обьектілерінің материалдық - техникалық базасы төмен болып отыр".

"Қазіргі кезде облыстағы құрылысы 2008 жылы басталып кейіннен қаржы жетіспеудің салдарынан секвестрленген 4 денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы өткір тұрған мәселелердің біріне айналып отыр".

"Аталған нысандарды құрылысын жүргізу үшін 2010 жылы 2 000 000 мың теңге қаржы керек. Жоғарыда аталғанды ескере келе, 2010 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жүргізу үшін 2 000 000 мың теңге қаржы бөлу мәселесін шешуіңізді сұраймын,- деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны