27.05.2008, 16:53 2848

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 6506 әскери бөлімде өкпе қабынуымен және туберкулезбен ауырған 20 жауынгер анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 6506 әскери бөлімде өкпе қабынуымен және туберкулезбен ауырған 20 жауынгер анықталды

Шымкент. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі уақытта Шымкенттің туберкулезге қарсы диспансерінде жедел қызметтің 13 жауынгері мен келісімшартпен қызмет ететін 1 әскер жатыр. Тағы алты әскери қызметкер емделгеннен кейін шипажайға жіберілген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне туберкулезге қарсы диспансердегі ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, жыл басынан бері туберкулезге қарсы диспансерге 6506 әскери бөлімінен жедел және келісімшарттық қызметтегі 20 әскери қызметкер түскен. Олардың көпшілігі алғашқы туберкулезбен, қалғандары - өкпе қабынуымен ауырады.

Ақпарат көзінің айтуынша, ауырғандардың негізгі бөлігі жоспардағы тексеру кезінде сәуір айында анықталған. Ауырғандар әскер қатарына бір уақытта шақырылғандар емес. Оның үстіне олар әр облыстардан шақырылған және бөлімнің әртүрлі бөлімшелерінде қызмет атқарған.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұған дейін 6506 әскери бөлімінен туберкулезге қарсы диспансерге жылына 2-3 ауру түсіп отырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны