25.10.2016, 15:26 3753

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы автобус жүргізушілері жолаушыларға алғашқы көмек көрсету семинар-тренингінен өтті

Ир қатысушы жасанды дем беру әрекетін жасап үйренуге және оны қайталауға мүмкіндік алды. Медициналық жәрдем бригадасы келгенше көрсетілетін алғашқы көмекті әрбір қызметкеріміз білуі тиіс дейді компания басшылығы.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы автобус жүргізушілері жолаушыларға алғашқы көмек көрсету семинар-тренингінен өтті, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Хабарламаға сәйкес, Шымкенттегі "Гринбас" компаниясыныӊ жүргізушілері енді жолаушыларға алғашқы көмек көрсете алады.

Мекеме басшылығыныӊ ұйымдастыруымен компанияда семинар-тренинг өтті. Мұнда арнайы шақырылған маман жолда зардап шеккен жолаушыныӊ өмірін сақтап қалу үшін қандай амалдар жасау қажеттігін манекенде көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.

Ир қатысушы жасанды дем беру әрекетін жасап үйренуге және оны қайталауға мүмкіндік алды. Медициналық жәрдем бригадасы келгенше көрсетілетін алғашқы көмекті әрбір қызметкеріміз білуі тиіс дейді компания басшылығы.

Алғашқы көмек көрсету тақырыбында өткен семинар-тренингтіӊ қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жол қозғалысы қарқынды қала көшелерінде жол-көлік оқиғасы болып, немесе, жолаушылардыӊ арасында ойламаған жерден өзін жақсы сезінбей, талып қалатын жағдай болса, "Гринбас" компаниясыныӊ көлік жүргізушілері жедел жәрдем дәрігерлері келгенше алғашқы көмекті сауатты көрсете аламыз деп отыр.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны