19.09.2006, 11:27 2704

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар ВИЧ індетін жылдың басында жұқтырған - облыстық СПИД орталығы

ШЫМКЕНТ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалар ВИЧ індетін жылдың басында жұқтырған. Бұл туралы кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығы бас дәрігерінің орынбасары Корчи Курбанов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі заманғы талдау тәсілдеріне сәйкес, бірлік көлемдегі вирус санын анықтау арқылы балалар дертті қаңтар-ақпан айларында жұқтырып алған деген қорытынды жасауға болады",- деді К.Курбанов бейресми ұйымдардың ұйымдастыруымен ВИЧ індетінің таралу дерегі бойынша өткізілген "дөңгелек үстелде".

Оның айтуынша, ауру жұқтырған соңғы 26 бала "белсенді іздестіру нәтижесінде" анықталса, алғашқы 29 бала жиі ауыратын балаларды мақсатты тексеру нәтижесінде анықталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырғаны алғаш рет анықталған балалармен бір уақытта қаладағы ауруханаларда емделген 12 256 баланың тізімі жасалды. Қазіргі жағдаймен 5 мың баладан жылдам анализ алынды. 55 балада ВИЧ індеті анықталды. Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, қазір тағы бірнеше анализ қайталап тексеруден өткізілуде. Таяу күндерде балалар толық тексеріліп бітеді деп күтілуде.

К.Курбановтың айтуынша, медицина қызметкерлерін тексеру қазір аяқталды, олардың арасынан ауру жұқтырғандары табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны