29.01.2007, 15:32 2929

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты іске байланысты сот процессі барысында айыпталушылардың адвокаттары прокурор Құлбаевтың алшақтатылуын талап етті

ШЫМКЕНТ. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы іс бойынша өткен отырысында айыпталушылардың адвокаттары прокурор Н. Құлбаевтың сот процессінен алшақтатылуын талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
 
Бүгін таңертеңгі сот отырысында айыпталушылардың адвокаттары прокурор Нұрлан Құлбаевтың алшақтатылуын талап ететіндіктерін мәлім етті. Адвокаттардың ақпараттарына сүйенсек, Н. Құлбаев алдын ала жүргізілген тергеу ісіне қатысқан, атап айтсақ, тінту жүргізген, жауаптар алған және тағы басқа да тергеу істеріне қатысқан, сондықтан да заңға сәйкес ол сот процессіне айыптаушы ретінде қатыса алмайды. Н. Құлбаевтың алшақтатылуы туралы мәлімдеме сот процессінің бірінші күнінде, 19-қаңтарда жасалған болатын. Ол кезде сот Н. Құлбаевтың тергеу тобына ресми түрде кірмегендігін алға тартып, мәлімдемені қанағаттандырмаған болатын. 
 
Бүгін адвокаттар жаңа айғақтармен прокурордың сот процессінен алшақтатылуын қайтадан талап етуде. Аталмыш ұсыныс бойынша сот шешімі кешкі отырыста жарияланады. 
 
Бүгін сот процессі көші-қон полициясының акт залында өтті. Қатысқандар, залға сот процессіне қатысушылардың барлығы сыйды, деп хабарлады. 
 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны