16.03.2007, 17:09 3245

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы істі жүргізіп отырған судья адвокаттардың қылықтарына риза емес

ШЫМКЕНТ. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы істі жүргізіп отырған судья адвокаттардың қылықтарына риза емес, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Адвокаттардың жауапкершіліктен жұрдай қылықтары істі жүргізуде қиындықтар туғызып отыр",- деп мәлім етті бүгін балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісі жөніндегі сот процессінің төрағасы Зиядинхан Пірниязов.

"Біз күнде таңертең адвокаттарды түгендеуден жұмысты бастаймыз",- деп атап өтті З. Пірниязов таңертеңгі отырыстың ашылуы барысында. Ол адвокаттары келмеген айыпталушылардан, олардың қорғаушыларының сот отырысына келмеу себебі туралы жауап алды. Судья қорғауда болу жөніндегі конституциялық құқық бұзылмауға тиіс және адвокаттар әрбір сот отырысына қатысуға тиіс екендігін атап өтті. "Адвокаттар сіздермен келісім жасайтын кезде айыпталушылардың, жәбірленушілер мен куәгерлердің көптігіне байланысты сот процессінің ұзаққа созылатындығын білді",- деп атап өтті төраға. "Сіздер қолдары бос емес адвокаттардан бас тарта аласыздар, біз сіздерге әрбір сот отырысына қатысатын мемлекеттік адвокаттарды ұсына аламыз",- деп З. Пірниязов айыпталушыларды хабардар етті. Судья бұл ұсынысқа қанағаттанбайтындарға екінші адвокат жалдап алуға кеңес берді.

Заңды түсіндіруді аяқтаған судья айыпталушылар тарапына өз қорғаушыларының мәжіліске қатысуын қамтамасыз ету үшін жарты сағаттық үзіліс жариялап, одан кейін сот процессі жалғасын тапты. Судья сотқа қатысушыларға процесске қатысатын үшінші айыптаушы өкілді, облыстық прокуратураның атқару өндірісі және әкімшілік істер жөніндегі сот қаулыларының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Тамара Өтелбекованы таныстырды. Бұрындары айып тағушылар қылмыстық істер жөніндегі сот қаулыларын қадағалау басқармасының бастығы Нұрлан Сапаров пен осы басқарманың прокуроры Көбеген Байтелеев болатын.

Сот куәгерлерден жауап алумен жалғасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны