16.10.2006, 10:23 3340

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға ай сайын материалдық көмек бөлінеді

ШЫМКЕНТ. 16-қазан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға ай сайын материалдық көмек бөлінеді. Бұл туралы ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ата-аналар, әсіресе аудандарда тұратындары жүріп тұру мен баланың бағым-күтіміне көп шығындануда. Сол себепті балаларға мүгедектікке байланысты жәрдемақымен бірге ай сайын материалдық көмек бөлу жөнінде шешім қабылданды",- деді әкім.

Ө.Шүкеевтің айтуынша, басқа қалаларда тұратындар үшін ай сайынғы көмек мөлшері 22,2 мың теңгені құрамақ: 2 мың теңге - жолақысы, 8 мың теңге - тұру құны, 3 мың теңге - ішіп-жем құны, 9,2 мың теңге - жұмыстан қол үзіп қалған күндеріне өтемақы. Облыс орталығының тұрғындары 14,2 мың теңге алатын болады.

"Балаларды емдеу барысында біз көмектесестін боламыз,- деді әкім. - Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 76 бала мен 8 әйел анықталды. Жеті бала қаза тауып, біреуін АҚШ отбасы асырап алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны