21.09.2016, 09:38 4014

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы елдімекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайды

Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардыӊ қалашығын салу жоспарланып отыр.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындар саны бес мыӊнан асатын елдімекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайды. Бұл туралы кеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасыныӊ басшысы Еркін Жүсіпов хабарлады.

Спикердіӊ айтуынша, сәніне сәулеті келіскен жобалардыӊ басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соӊғы алты жылда - 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген.

Атап айтқанда, "Жер ана" монументі, Ордабасы алаӊындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы, Т.Рысқұлов ескерткіші, Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Түркістан қаласындағы Диуани Хикмет аллеясы, "Даӊқ" мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, "Шәмші әлемі" сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Перинаталдық орталық, Облыстық филармония, "Қызғалдақ" субұрқағы жобалары болып жалғасып кете береді.

"Облыстыӊ сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар мұнан әрі жалғасын таба береді. Мәселен, Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардыӊ қалашығын салу жоспарланып отыр. Шығыс халықтарына берілетін этно қаланы әр ұлт өздігінше әсемдейтін болады. Мұнан бөлек, таяуда өӊіріміздіӊ Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін бөлігінде "Оӊтүстік" символикалық қақпасы бой көтермек", - деді басқарма басшысы.

Баспасөз жиынында Е.Жүсіпов облыстағы тұрғындар саны бес мыӊнан асатын елдімекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайтынын айтты. Жұмыстардыӊ атқарылуы жөнінен республика бойынша екінші орында тұрған аймақ 2020 жылға дейін бұл нәтижені 99,6 пайызға жеткізбек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны