06.12.2016, 16:38 4171

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС "Парыз" республикалық байқауыныӊ жеӊімпазы атанды

Жеӊімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен Индустрияландыру күні шеӊберінде бүгін Астанадағы "Қазмедиаорталығында" өтті. Жоғарғы марапатты ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ қолынан "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС модернизациялау жөніндегі вице-президенті Аслан Мыӊбаев алды.

Шымкент. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы "Парыз" республикалық байқауыныӊ жеӊімпазы атанды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқау жеӊімпаздары атағын тағайындау бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ комиссиясы Шымкент мұнай өӊдеу зауытын "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымы бойынша үздік деп таныды.

Жеӊімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен Индустрияландыру күні шеӊберінде бүгін Астанадағы "Қазмедиаорталығында" өтті. Жоғарғы марапатты ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ қолынан "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС модернизациялау жөніндегі вице-президенті Аслан Мыӊбаев алды.

Бұл марапат кәсіпорын ұжымыныӊ іс-қызметіне беріліп отырған жоғарғы бағаныӊ белгісі болмақ.

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС экологиялық менеджментті жетілдіре түсуге елеулі назар аударып келеді. Мәселен, 2009 жылдан бастап мұнда экологиялық менеджменттіӊ ИСО 14001:2004 халықаралық стандарты ендірілген. 2015 жылы жүргізілген аудит қорытындысы бойынша менеджмент жүйесініӊ ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 стандарты талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты растау туралы шешім қабылданды.

Компанияда қоршаған ортаға (атмосфералық ауа, су және жер ресурстары, өсімдік, қар жабыны, радиациялық ахуал) ластағыш заттарды эмиссиялауға және табиғи ортаныӊ жағдайына мониторинг жүргізу жүйесі жұмыс істейді. Бұған қоса зауытта кәсіпорын аумағындағы топырақтыӊ ластанған бөліктеріне тұрақты негізде биорекультивация жүргізіліп отырады. Мұнай шламдары және пирофор қосылыстары секілді мұнай өӊдеудіӊ екінші қалдықтарын кәдеге жарату жүйесі ендірілген.

Сондай-ақ, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС облыс, қала және ауданды жасылдандыру және абаттандыру бойынша өӊірдегі бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде меморандум бекіткен. Зауыт қызметкерлері "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС санитарлық-қорғаныс аймағына жыл сайын ағаш отырғызады. Биыл егілген бұта-ағаштар саны 908-ге жеткен.

Айта кетейік, зауыттыӊ экологиялық саясаты 2008 жылы да Президенттіӊ "Парыз" сыйлығына лайық деп табылған болатын, онда да "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС "Экологияға қосқан үлесі үшін" аталымы бойынша "Парызбен" марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны