19.03.2009, 17:34 3060

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темирлановка ауылының тұрғындары ауыл аумағы арқылы халықаралық автотрасса тартуға қарсылық білдіруде

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темирлановка ауылының тұрғындары ауыл аумағы арқылы халықаралық автотрасса тартуға қарсылық білдіруде

Шымкент. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Темирлановка ауылының тұрғындары ауыл аумағы арқылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік автожол дәлізін салуға қарсылық білдіруде. Бұл туралы 18 наурызда Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен ОҚО облыстық әкімдігінде өткен кеңесте ҚР көлік және коммуникациялар вице-министрі Дулат Көтербеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Д. Көтербековтың ақпаратына сәйкес, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" транзиттік автожол дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұзындығы 458 шақырымға тең. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан $3,5 млрд көлемінде несие тартқан. Қазір қол қою процедуралары жүргізілуде және сәуірде аталған келісімдер ратификацияланады. ОҚО аумағы бойынша Қызылорда облысының шекарасынан Шымкентке дейінгі бөлікке Халықаралық қайта құру және даму банкінің 115 млрд теңгесі тартылған, жол салу жұмыстары 2010 жылы басталып, 2012 жылы толық аяқталады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны