01.10.2007, 17:40 3151

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 133 жетті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 133 жетті

Шымкент. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны бір адамға өсіп, 133 жетті. Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, індетті жұқтырған балалардың ішінде облыс тұрғындарынан басқа да балалар бар. "Індетті жұқтырған екі бала Қазақстанның басқа облыстарынан. Олардың бірі ата-аналарымен бірге Семейден келген, ал екіншісі Алматы облысының тұрғыны",- деп түсіндірді В. Дудник.

Сөйтіп, облыстық СПИД орталығының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 133 бала тіркелеген, оның ішінде он бала қайтыс болса, біреуін шетелге асырап алып кеткен, және де індетті 17 ана жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны