13.04.2007, 18:23 3397

Оңтүстік Қазақстан облысындағылар ВИЧ індетін жұқтырған барлық бала үстіміздегі жылы анықталады деген үмітте

ШЫМКЕНТ. 13 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағылар ВИЧ індетін жұқтырған барлық бала үстіміздегі жылы анықталады деген үмітте. Бұл туралы АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау департаментінің аурулардың алдын алу және бақылау орталығының Орталық Азия жөніндегі CDC бағдарламасының директоры Михаил Фаворов хабарлады.

"Олардың барлығы - науқас балалар, яғни барлығы да ауруханаға қаралады. Қазір ауруханаларға келген науқастардың барлығы тексерілуде. Сондықтан да, меніңше, алдағы айларда, тіптен осы жыл ішінде болса да біз барлық балаларды анықтаймыз",- деді М. Фаворов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Оның пікірінше, әңгеме он шақты бала жөнінде болып отыр.

М. Фаворов, молекулалық-биологиялық талдаулар қорытындысы індеттің қан және медициналық құралдар арқылы жұққаны туралы алғашқы болжамды растайды. "Меніңше, індеттің жаппай таралуына қан құю, санитарлық-эпидемиялогиялық режимдерді бұзу, медициналық құралдардың жеткіліксіздігі, емдеу хаттамаларын сақтамау сияқты факторлардың бірігуі түрткі болып отыр",- деген пікірін айтты CDC бағдарламасының директоры. "Сонымен қатар, статистикалық-аналитикалық зерттеулер қан құйылған балалардың ВИЧ індетімен 50 есе жиі, ал бұғанасынан катетер орнатқызған балалардың індет жұқтыру қаупі 20 есе жоғары болғанын көрсетті",- деп хабардар етті М. Фаворов. Ол, "шприцпен ем құю індетті жұқтыру жиілігіне әсер етпегендігін" атап өтті.

Баспасөз мәслихаты бүгін Шымкентте өткен Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің көшпелі алқа мәжілісінің аяқталуынан кейін өткізілді. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног журналистерге алқа мәжілісіне барлық облыстардың санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директорлары, СПИД орталықтарының бас дәрігерлері, туберкулезге қарсы емханалар мен облыстық қан құю орталықтарының бас дәрігерлері қатысқандығын хабарлады. Алқа отырысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетінің тұтануын шектеу қорытындысы, Қарабатан вахталық аулының жұмысшылары арасындағы астан улануды жоюға қатысты Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің іс-қызметі, сонымен қатар басқа да мәселелер қарастырылып, талқыланды.

А. Белоног "Оңтүстік Қазақстан облысындағы індеттің таралуын тыюға қатысты тікелей облыс әкімдерінің, сонымен қатар денсаулық сақтау департаменттерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері мен барлық құрылымдық бөлімшелерінің атқарып жатқан аса ауқымды н және елеулі жұмыстарын атап өту қажет" екендігін айтты. Ол облыстық медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері Оңтүстік Қазақстан облысы дәрігерлерінің жұмыстарымен танысқандарын және де өз жұмыс орындарында қолданатындықтарын айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны