28.12.2016, 11:43 3927

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі 90 мемлекеттік қызметкерге пәтер кілтін табыстады

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекеттік қызмет және мәдениет саласында еӊбек етіп жүрген 90 қызметкерге пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекеттік қызмет және мәдениет саласында еӊбек етіп жүрген 90 қызметкерге пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұл пәтерлер сала мамандарына қызметтік міндеттерін атқару кезеӊінде пайдалануы үшін беріліп отыр.

Игі шара барысында облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Елбасымыздыӊ жолдауында міндеттелген тапсырмалар аясында алдағы жылдары да халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

"Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясында жаӊа пәтерге қол жеткізіп отырсыздар. Осы сәт сіздердіӊ өмірлеріӊіздіӊ жарқын кезеӊі болсын. Жаӊа жылда жаӊа қоныстарыӊыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін",-деді облыс әкімі.

Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 5 қабатты 2 тұрғын үйдіӊ жалпы ауданы 6024 шаршы метрді құрайды. Облыс бюджетінен 717,5 млн теӊге бағытталған тұрғын үйдіӊ құрылысын "ҚазмедеоГранд" ЖШС жүргізген.

Айта кетейік, былтырғы жылы облысымызда мемлекеттік және бюджеттік сала мамандарына 51 қызметтік пәтер берілді. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары Шымкентте "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" және "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламалары аясында 80 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5420 отбасы қоныс тойын тойлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны