03.01.2018, 14:28 5171

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі ардагер мен көпбалалы отбасыны Жаӊа жылмен құттықтап шаӊырақтарына барды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Жаӊа жыл мерекесімен құттықтап Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Қаратай Төлебеков пен көп балалы отбасылардыӊ шаӊырақтарында болды.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Жаӊа жыл мерекесімен құттықтап Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Қаратай Төлебеков пен көп балалы отбасылардыӊ шаӊырақтарында болды.

Өӊір басшысы еӊ алдымен майдангер Қаратай Төлебековті мерекемен құттықтап отбасына барды. Еӊбек ардагеріне құрмет көрсеткен әкім өӊірдегі атқарылған жемісті жұмыстарды атап өтіп, бүгінгі жастардыӊ іскерлігін сөз етті.

"Бүгінгі жас ұрпақ өзіӊіздей тұлғаларға еліктеп өсуі керек. Сол арқылы еӊбекқорлықты, батырлықты бойына сіӊіреді. Қазыналы қарттарымыз ұлағатты болашағымыздыӊ кепілі. Еліміздегі барлық ардагерлеріміздіӊ дендері сау, жастары ұзақ болғай", - деді әкім.

Қаратай Мұратбекұлы 1942-1945 жалдары Калинин, ІІ-Балтық фронттарында қатардағы жауынгер, кіші бөлім командирі, батальон комсоргі, әскери химик болған. Отан соғысыныӊ ІІ-ші дәрежелі және "Құрмет белгісі" орденімен, Сондай-ақ білім саласындағы жемісті еӊбектері үшін "Білім саласындағы ерекше еӊбектері үшін" төсбелгісімен марапатталған.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы көпбалалы отбасы Сейтбековтаршаӊырағында болып, балаларға жаӊа жылдық тәттілер үлестіріп, теледидар сыйлады. Қуанышқа бөленген балғындар облыс әкіміне өз өнерлерін көрсетті.Тоғыз баланыӊ анасы Айнұр Жаксылықова бүгінде "Алтын алқа" иегері атанған.

Тәуелсіз еліміздіӊ демографиялық өсіміне елеулі үлес қосып жүрген алтын құрсақты аналарымызды құттықтаған облыс әкімі, батыр аналарға денсаулық, отбасыларына амандық пен татулық тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысында "Қазақстан Республикасына сіӊірген ерекше еӊбегі үшін республикалық дәрежедегі 8 дербес зейнеткер, 196 Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері мен 5543 "Алтын алқа" иегері тұрады.

Бұдан бөлек, осы күні облыс әкімініӊ орынбасары Ербол Садыр 11 баланы тәрбиелеп отырған Жүсіпбаевтардыӊ отбасына барды. Балалардыӊ анасы Мадина Жүсіпбаева бүгінде "Алтын алқа" иесі, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны