01.10.2016, 14:44 4360

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов ардагерлердіӊ шаӊырағында болып, оларды мерекемен құттықтады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Ұлы Отан соғысы және еӊбек ардагерлерініӊ үйіне арнайы барып, қазыналы қарияларды Қарттар күні мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 1 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Ұлы Отан соғысы және еӊбек ардагерлерініӊ үйіне арнайы барып, қазыналы қарияларды Қарттар күні мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Өӊір басшысы алдымен Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Сәрсен Ибдінұровтыӊ шаӊырағына келді. Ақсақалды меркесімен құттықтап, теледидар мен құттықтау хатын салтанатты түрде тапсырды.

Сәрсен ақсақал 1922 Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 20 қаӊтарда әскерге шақырылып, 1943 жылы Украинадағы соғыс қимылдарына араласқан. 823 атқыштар полкінде болған. "Соғыста көрсеткен ерлігі үшін""Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіс мерейтойыныӊ" медальдарымен марапатталған. Сол қиын-қыстау кезеӊнен сыр шерткен майдангер қарт облыс басшысыныӊ ізетіне алғысын білдірді.

"1945 жылы Берлинге бардық. Жоғары жақтыӊ бұйрығымен жасы отыздан, қырықтан асқан әскерилер елге қайтты. Ал, 23 жастағы мен неміс жерінде екі жылдай әскери қызметте болдым. 1947 жылы елге оралып, түрлі жауапты қызметтерді атқардым. Республикамыздағы, облыстағы жаӊалықтарды тыӊдап отырамын. Тәуелсіздігіміз мәӊгі болсын, ел аман болсын!", - деді 94 жастағы майдангер.

Одан кейін Бейбіт Бәкірұлы "Еӊбек Қызыл Ту" және "Құрмет белгісі" ордендерініӊ иегері 89 жастағы Нина Лычагинаны құттықтады.

"Қазақстанға көшіп келгеніме 70 жылдан асты. Қонақжай қазақ халқыныӊ меймандостығыныӊ арқасында осы ортаға сіӊіп кеттім. Кейінірек Ресейге көшу туралы ұсыныс айтылды, бірақ, көшпедім. Себебі, Қазақстан меніӊ Отаным. Тіл үйрену үшін қазақ отбасында пәтер жалдап, қазақ тілін меӊгеруге тырыстым. Облыс әкімідігіне, ардагерлер кеӊесіне рахмет айтамын. Барша қарттарды төл мерекелерімен құттықтаймын", - деді Нина әжей.

Облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов ардагерлердіӊ елге сіӊірген еӊбегіне алғысын білдіріп, олардыӊ өнегелі өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі болатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны