05.12.2016, 11:40 3805

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі "Бірлігіміз жарасқан Мәӊгілік ел" аламан айтысыныӊ жеӊімпаздарын марапаттады

"Айтыс өнері ЮНЕСКО-ныӊ материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе. Осындай баға жетпес, теӊдесі жоқ сөз сайысы біздіӊ Оӊтүстікте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді", - деді Ж.Түймебаев.

Шымкент. 5 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев сенбі күні өӊірде өтіп жатқан "Бірлігіміз жарасқан Мәӊгілік ел" республикалық ақындар айтысын тамашалады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен 1 желтоқсан - ҚР Тұӊғыш Президенті күніне орай, ұйымдастырылған аламан айтыста елдіӊ белесті жиырма бес жыл ішіндегі толағай табыстары мен жетістіктері әдемі ұйқастарқа құрылып, көтерілген келелі мәселелер, қыз бен жігіттіӊ әзіл айтысы айтыс сүйер көрерменге айрықша көӊіл-күй, рухани серпіліс сыйлады.

Азулы ақындардыӊ кешегі тартысынан - І кезеӊінен ақтық аламанға суырылып шыққан 5 жұп, яғни, 10 ақын - Қажымұқан Абзалов (ОҚО) пен Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Жандарбек Наушабеков (ОҚО) пен Арзыгүл Қайымбекқызы (Қытай Халық Республикасы), Анар Жаппарқұлова (ОҚО) мен Сырым Иуесхан (Астана қаласы), Нұрлыбек Мейірманов (ОҚО) пен Тұрар Тілеулиев (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО) пен Жандарбек Бұлғақовтар (Астана қаласы) әдемі айтыс жасап, көрерменніӊ делебесін қоздырды.

Аламан доданыӊ марапаттау рәсімінде сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев облысымыздағы мәдениет саласына қатысты атқарылған жұмыстардыӊ барысын баяндай келе қазақтыӊ төл өнері - айтыстыӊ алаштыӊ баласы үшін орны бөлек екенін жеткізді.

"Айтыс өнері ЮНЕСКО-ныӊ материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе. Осындай баға жетпес, теӊдесі жоқ сөз сайысы біздіӊ Оӊтүстікте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Міне, бүгінгі өткізіліп отырған республикалық ақындар айтысы Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына арналып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев тәуелсіз елімізде мәдениеттіӊ, ұлттық өнеріміз бен дәстүр-салттарымыздыӊ өсіп-өркендеуін үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі өткізіліп жатқан ақындар айтысы осыныӊ айғағы", - деді Ж.Түймебаев.

Мұнан соӊ, екі күнге ұласқан жыр додасыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Атап айтқанда, аламан айтыстыӊ бас жүлдесін оӊтүстікқазақстандық Анар Жаппарқұлова ұтып алып, жеӊімпазға Renault Sandero джипі табыс етілді. Жүлделі І орынға астаналық Жандарбек Бұлғақов лайықты деп танылып, оған Lada Granta теміртұлпары сыйланса, ІІ орын Оӊтүстіктіӊ намысын қорғаған Тұрар Тілеулиевке бұйырып, Nexia Sohc жеӊіл көлігініӊ кілті табыс етілді. Ал жүлделі ІІІ орынды Қажымұқан Абзалов (ОҚО) иеленіп, оған 1,5 млн. теӊге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны