07.09.2006, 17:49 2991

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы мақсатты қаражатты дұрыс бөлмегенін атап көрсетті

ШЫМКЕНТ. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы мақсатты қаражатты дұрыс бөлмегенін атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Б.Жылқышиев жуырда өткен брифингте : " Облыстық және жалпы республикалық қан орталықтарына мақсатты түрде берілетін қаражаттың дұрыс бөлінбегеніне назар аудартқым келеді", деді.

Икімнің мәліметіне қарағанда, 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қан орталықтарына берілетін ағымдағы қаражатты Қостанай облысына қарағанда 4,6 есе кем алған. Биылғы жылы бұл көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысына бөлінген қаражатқа қарағанда 2,2 есеге кем түсті. Сонымен, "Денсаулық сақтау министрлігі облыстық қан орталықтарының материалдық - техникалық жабдықталуына қаражат бөлген кезде облыстың ВИЧ індеті бойынша эпидемиологиялық жағдайын ескермейді",-деген қортынды жасады.

Б. Жылқышиевтың айтуынша, "бұл, ағымдағы мақсатты қаражаттың дұрыс бөлінбеуінің бір ғана мысалы. Ақпараттық сараптама орталықтарын ұйымдастыруға қаражат бөлгенде, аймақтағы тұрғындардың жалпы саны ескерілмеген, жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау мекемелерінің саны назарға алынбаған".

Сонымен қатар облыс әкімінің сөззіне қарағанда, соңғы екі жылда қан орталықтарын қаржыландыру 80 млн. теңгеге өскен. Өткен жылы бұл мекеме 11 млн. теңге көлемінде қаражат алды. Қазіргі кезде облыстық қан орталығына төмен температуралы тоңазытқыш, лейкофильтрлер, плазмоферез аппаратурасын алуға қаражат мәселесі қарастырылуда. Бірақ Б.Жылқышиев бөлінетін қаражат көлемі жеткіліксіз деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны