18.10.2016, 15:36 3768

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі діни конфессиялардыӊ өкілдерімен кездесті

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдегі діни конфессиялардыӊ басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 18 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдегі діни конфессиялардыӊ басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиынға ҚМДБ-ныӊ ОҚО бойынша өкіл имамы, облыстық мешіттіӊ бас имамы А.Керімбек, "Шымкент епархиясыныӊ Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборыныӊ приходы" жергілікті православ діни бірлестігініӊ діни қызметшісі А.Могилевский (отец Александр), "Шымкент қаласыныӊ інжілдік м?сіхші баптистердіӊ қауымы" жергілікті діни бірлестігініӊ жетекшісі А.Горбатый, "Агапе" інжілдік христиан шіркеуі" жергілікті діни бірлестігініӊ жетекшісі А.Шаталов және өзге де дін өкілдері қатысты.

18 қазан - рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған басқосуда өӊір басшысы діни конфессия өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылында еліміздіӊ жеткен жетістіктерін атап өтті.

"Елбасы өз сөзінде "Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәӊгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамныӊ өз міндеті" - деген. Сондықтан біздіӊ бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтыӊ нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін",-деді аймақ басшысы.

Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақ шаӊырағындағы наным-сенім еркіндігініӊ айқындығына разылығын білдіріп, өздері басшылық ететін бірлестіктердіӊ бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.

Кездесу соӊында облыс әкімі конфессия басшыларына осы жылдыӊ 15 қазан күні "Рухани келісім күнін" мерекелеу аясында облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футболдан өткізілген турнирдіӊ қорытындысы бойынша облыс әкімініӊ кубогы, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, бүгінгі таӊда облыста 11 конфессияға кіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны