13.10.2016, 09:56 4495

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі ел ағаларымен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев кеше өӊірдіӊ бір топ соғыс, еӊбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 13 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев кеше өӊірдіӊ бір топ соғыс, еӊбек ардагерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында облыс басшысы аға ұрпақтыӊ қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, үлкенді сыйлау, ардагерлерге қамқорлық көрсету кейінгі ұрпақтыӊ міндеті және парызы екенін атап өтті.

Бейресми басқосуда облыстыӊ әлеуметтік мәселелері талқыланып, оныӊ шешу жолдары бойынша аймақ басшысы өмірден түйгені мол ел ағаларыныӊ пікірін тыӊдады.

Изірге, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тыныс-тіршілігімен танысып жатқанын айтқан облыс әкімі алдағы уақытта бірлесе атқаратын міндеттердіӊ көп екенін жеткізді. Сондай-ақ, халықтыӊ әл-ауқатын көтеруге бағытталған жұмыстарда әрбір саланыӊ еӊбек ардагерлерімен жеке кездесіп, кеӊескісі келетініне ниет білдірді.

Кездесу соӊында зиялы қауым өкілдері мен қазыналы қариялар әкімніӊ облысты басқарудағы жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.

Жалпы облыста бүгінгі күнде 220 мыӊға жуық зейнеткер тұрады. Олардыӊ 300-і Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері болса, 21 мыӊы тыл еӊбеккерлері.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев "Ж.Қ.Түймебаевты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 7 қазандағы №353 Жарлыққа қол қойды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

ҚР Премьер-Министрі ОҚО активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына барған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысы активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ облыс әкімі қызметіне Қазақстанныӊ Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтыӊ кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активініӊ алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жеке анықтама:

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) - ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасыныӊ Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорыныӊ бірінші басқарма төрағасы.

Ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан. ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарыныӊ докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап - ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меӊгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасыныӊ консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2004 жылдан бастап - ҚР Президентініӊ кеӊесшісі - ҚР Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2006 жылдыӊ 1 ақпанынан - Ресей Федерациясындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылдыӊ 19 қаӊтарынан - ҚР білім және ғылым министрі.

2010 жылғы 7 қазанда Түркиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасыныӊ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруға тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны