08.01.2007, 18:53 2965

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ғалымдарға аймақта геотермалдық бекет орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

ШЫМКЕНТ. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев ғалымдарға аймақта геотермалдық бекет орнату мүмкіндігін қарастыруды или жасауды тапсырды. Бұл туралы ол ғылым өкілдерімен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Геотермия - бұл өте қызықты беталыс. Қазіргі уақытта барлық Еуропа геотермалдық бекетте, мұны бізде неге қолданбасқа?",- деді Ө. Шүкеев. Икім геотермалдық бекет жұмысының тиімділігі геометриялық градиентке, яғни Жердің әрбір жүз метр тереңдігіне байланысты температурасының көтерілу шамасына байланысты деп санайды. "Мысалы, Парижде әрбір жүз метр сайын температура 3,7 градусқа дейін көтеріледі. 2 мың метрге жеткенде, онда жүз градусқа дейін көтеріледі",- деп түсіндірді аймақ басшысы.

Ө. Шүкеевтің сөзіне сүйенсек, Астана аумағында өлшеу жұмыстары жүргізілген, онда геометриялық градиент 1,7 градусты құраған. Икім Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы градиенттің жоғары екендігіне сенімді екендігін айта кетті. "Біздің өңір сейсмологиялық тұрғыда белсенді",- деді ол.

Ө. Шүкеев ыстық су жер бетіне шығып жатқан Түлкібас ауданын мысалға келтірді. "Темірлановкідегі осы суды жылыту жүйесіне жіберіп, неге тәжірибе жасап көрмеске? Тіптен, аралас болсын: айтарлықтай жылы суды ысыту... Ол бостан-босқа далаға ағып жатыр ғой",- деді облыс әкімі. Ө. Шүкеев ғалымдарға "геотермия - өте коммерциялық тақырып" екенін айта кетті. "Оны әзірлеп, буып-түйіп сатуға болады. Мысалы, қазір Шымкенттегі 2-ші Жылу орталығы аймағында адамдар тоңып отыр. Мүмкін, осы жерде геотермалдық ұңғы бұрғылауға болатын шығар",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны