01.11.2016, 16:54 3921

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерініӊ туыстарына баспана кілтін табыстады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев ОҚО ТЖД "Жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесініӊ құтқару бөлімшесініӊ бас құтқарушысы болған Жомарт Сарсенбековтыӊ отбасына жаӊа үйдіӊ кілтін табыстады.

Шымкент. 1 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев ОҚО ТЖД "Жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесініӊ құтқару бөлімшесініӊ бас құтқарушысы болған Жомарт Сарсенбековтыӊ отбасына жаӊа үйдіӊ кілтін табыстады, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Марқұмныӊ шаӊырағында болған кездесуде аймақ басшысы төтенше жағдай қызметкерініӊ бұл әрекетін ерлікке балап, жаӊа үйге көрімдік ретінде тұрмыстық техникалар сыйлады. Ж.Қансейітұлы Ж.Сәрсенбековтыӊ артында қалған жұбайы Ұлжанға ендігі кезекте бекем болып, ұл-қыздарын жетілдіруде қайсар да қайратты болуы қажеттігін жеткізді.

Кәсіпкер демеушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері сынды қайырымды азаматтардыӊ атсалысуымен тұрғызылған үй бес бөлмелі. Қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылып, есік, терезелері сапалы материалдардан жасалған баспананыӊ шатыры черепицамен жабылған. Сондай-ақ, онда дербес жылыту қазандығы орнатылған және ыстық сумен жабдықталған. Жалпы құны 11 млн. теӊге болатын үйдіӊ құрылыс жұмыстарына 2,5 ай (15 тамыз-30 қазан) уақыт кетіпті.

Еске салайық, осы жылдыӊ 30 мамырында Төлеби ауданыныӊ Сайрам-Өгем тау жотасындағы "Ақмешіт" тау шатқалында ОҚО төтенше жағдайлар департаментініӊ бас құтқарушысы болған жерлесіміз - Сарсенбеков Жомарт Орынбасарұлы құтқару жұмыстарын жүргізу барысында биіктігі 100 м шамасындағы жартасты тік жардан құлап кетіп, мерт болған болатын.

Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында 1973 жылы дүниеге келген марқұмныӊ артында жұбайы мен 5 ұл-қызы қалды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны