08.03.2018, 18:31 5572

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкент қаласындағы қарттар үйінде болды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы қарттар үйінде болды. Онда жалғызбасты әйел азаматтарын 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады

Шымкент. 8 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласындағы қарттар үйінде болды. Онда жалғызбасты әйел азаматтарын 8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Іс-шара барысында өӊір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсету қашанда Елбасымыздыӊ назарынан тыс қалмағанын жеткізді.

"Сіздерді, көктемніӊ алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Көктем мерекесі көӊілдеріӊізге қуаныш сыйлап, жүздеріӊізге нұр шашсын. Бүгінде өӊір тұрғындарыныӊ 1 млн. 446 мыӊы нәзік жандылар құрайды. Бұл дегеніміз еліміздегі бұрымдылардыӊ еӊ көбі біздіӊ облыста дегенді білдіреді. Олардыӊ арасында ақыны да, жазушысы да, ғалымы да, тіпті үйдіӊ де, түздіӊ де жұмысын қатар алып жүрген кәсіпкер де бар. Аймақтыӊ экономикалық дамуына қаракөз аруларымыздыӊ қосып келе жатқан үлесі орасан зор деп білемін", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

1965 жылы негізі қаланған №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 77 әйел азаматы қызмет алуда. 260 орынға шақталған мекемеде егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз жалғызбасты қарттар мен бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердіӊ кепілдендірілген 8 түрі көрсетіледі.

Айта кетейік, облыс бойынша 8 мыӊнан астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылса, оныӊ 2 мыӊнан астамы жалғызілікті қарттар. Бүгінде жалдғызбасты қарттардыӊ 121-і облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығында" толық мемлекет қамқорлығына алынып, кешенді қызметтермен қамтылуда.

Сондай-ақ, облыс әкімініӊ орынбасары Е.Садыр облыстық ардагерлер үйінде болып, өӊір басшысыныӊ атынан ақ жаулықты аналарды айтулы мерекемен құттықтады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны