22.09.2016, 14:52 3853

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкенттегі "Болашақ" ақпараттық-оӊалту орталығында болды

Кездесуде облыс әкімі ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды ортадан шеттетпей, қоғамға бейімдеу қажеттігін айтты.

Шымкент. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі "Болашақ" ақпараттық-оӊалту орталығында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыс әкімініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс тобы "ЖИТС-тен балаларды қорғау" қайырымдылық қоғамдық қорыныӊ президенті Жанетта Жазықбаевамен бірге әлеуметтік, құқықтық және медициналық көмек алып жүрген тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ жағдайымен танысты. Кездесуде облыс әкімі ВИЧ індетіне шалдыққан балаларды ортадан шеттетпей, қоғамға бейімдеу қажеттігін айтты.

Айта кету керек, 2006 жылы құрылған қоғамдық қор соӊғы үш жылдан бері онкология, гепатит В, С, қант диабеті, тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға түрлі бағыттар бойынша көмек көрсетіп, қолдаумен айналысады. Бүгінгі таӊда қорда 247 бала есепте тұрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2013 жылғы мәліметке сәйкес, Республика бойынша 450 000, ал ОҚОда 100 мыӊға жуық мүгедек бар. Соныӊ ішінде 18 жасқа толмаған 15 мыӊ бала есепке алынған.

2005 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге "мүгедек бала", ал 16-18 жас аралығында "І-ші топтағы мүгедек-бала", "ІІ-ші топтағы мүгедек-бала", "ІІІ-ші топтағы мүгедек-бала" санаты бойынша мүгедектік тағайындалады. ОҚО бойынша мұндай санаттағы балалар саны 2000-нан асып жығылады.

2014 жылғы мәліметке сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облысында мектеп жасындағы 24 мыӊға жуық мүмкіндігі шектеулі бала білім алады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Альбина Елшиеваныӊ айтуынша, аймақта 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ саны - 40 115.

"Олардыӊ ішінде 643 баланыӊ денсаулығы оқуға жарамайды. Ал 15 503-і мектеп жасына дейінгі балалар. Ал қалған мектеп жасындағы 23 969 бала білім алумен қамтылған", ? дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Албина Елшиева бүгінде аймақтағы 538 мекемеде пандус орнатылып, мүгедек балаларға мүмкіндігінше жағдайлар жасалғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны