12.10.2016, 09:38 4147

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Шымкенттегі құрылыс нысандарын аралады

Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан ?леуметтік тұрғын үйлердіӊ құрылыс жұмыстарын аралап көріп, "Shymkent-City" жобасымен танысты.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Кеше қала активімен танысқан Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен, облыс әкімі Тәуке хан даӊғылыныӊ күрделі жөндеу жұмыстары мен Қапал батыр көшесіндегі көпірдіӊ құрылысымен танысты.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын көпірдіӊ бір жағы пайдалануға берілген болатын.

1 млрд. 142 млн. теӊгеге бағаланған теміржол өткелініӊ бір бөлігіндегі құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Сонымен қатар, облыс әкімі қаладағы салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлердіӊ құрылыс жұмыстарын аралап көріп, "Shymkent-City" жобасымен танысты. Жұмыстардыӊ сапалы болуы қажеттігіне айрықша көӊіл бөлген аймақ басшысы нысандардыӊ сырт келбетіндегі сәніне де назар аудару керектігіне тоқталды.

Шымкент қаласын аралау барысында аймақ басшысы жаӊадан ашылған Жайлаукөл демалыс аймағында болды. Мұнда ТМД елдерінде биіктігі жағынан үшінші орынды алатын, ал Орта Азия бойынша еӊ биік аттракцион орналасқан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев "Ж.Қ.Түймебаевты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 7 қазандағы №353 Жарлыққа қол қойды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

ҚР Премьер-Министрі ОҚО активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеше Оӊтүстік Қазақстан облысына барған болатын.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оӊтүстік Қазақстан облысы активіне өӊірдіӊ жаӊа басшысын таныстырды. Шымкентте облыстық мәслихаттыӊ кезектен тыс сессиясында Б. Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ облыс әкімі қызметіне Қазақстанныӊ Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаевтыӊ кандидатурасын ұсыну туралы хатын оқып берді.

Мәслихат депутаттары аталған кандидатураны бірауыздан қолдады. Облыс активініӊ алдында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Жеке анықтама:

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы (1958 жыл 8 шілде) - ҚР мемлекеттік қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасыныӊ Түркиядағы және Албаниядағы елшісі, ТМД мүше мемлекеттер мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорыныӊ бірінші басқарма төрағасы.

Ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан. ҚазМУ ассистенті, аға оқытушысы, доценті болып қызмет атқарған. Филология ғылымдарыныӊ докторы ғылыми дәрежесі бар.

1993 жылдан бастап - ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. Бірінші хатшы, бөлім меӊгерушісі болған. Кейін Түркиядағы ҚР Елшілігінде қызмет атқарған. Ыстамбұлдағы Қазақстан Республикасыныӊ консулдық басшысы болып тағайындалған.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2004 жылдан бастап - ҚР Президентініӊ кеӊесшісі - ҚР Президенті Хаттамасыныӊ басшысы.

2006 жылдыӊ 1 ақпанынан - Ресей Федерациясындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2007 жылдыӊ 19 қаӊтарынан - ҚР білім және ғылым министрі.

2010 жылғы 7 қазанда Түркиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2011 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасыныӊ Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруға тағайындалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны