25.10.2016, 07:11 2788

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі: тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлану қажет

Жиында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымыныӊ барысы туралы мәселелер қаралды.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - Кеше облыс әкімдігінде Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт.Түймебаевтыӊ төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерініӊ қатысумен селекторлық мәжіліс өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиында Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымыныӊ барысы туралы мәселелер қаралды.

Тәуелсіздік - еліміздіӊ үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше кездесулерге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.

Селекторлық мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша ОҚО ІІД басшысы мен ОҚО Жергілікті полиция басшылары атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеме жасады.

Өӊірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметініӊ басшысы Б.Абылаев 9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты.

Сонымен қатар баяндамашыныӊ мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соӊына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.

Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жиынныӊ күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы М.Марайым облыстыӊ жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.

Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерініӊ 2816-на жылу берілген. Ал өӊірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын 2278 көпқабатты тұрғын үйдіӊ 2118-не жылу беріле бастады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын өз деӊгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны