08.12.2016, 16:09 4037

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі ұлттық гвардия мен ішкі істер саласында үздік қызмет еткен азаматтарды марапаттады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясыныӊ 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімніӊ жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерініӊ ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты

Шымкент. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясыныӊ 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімніӊ жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерініӊ ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бөлімшеніӊ жауынгерлік қызметтік өмір салтымен танысып, әкімдікпен екі жақты ынтымақтастық бағытын айқындау мақсатымен барған аймақ басшысы барша қатысушыларды Егемендік тойымен құттықтап, оларды еліміздіӊ дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.

"Бұл мереке 25 жыл ішінде Қазақстанды әлемге танытып, бүкіл дүние жүзініӊ алпауыт елдерімен тереземізді теӊ ұстатқан мейрам. Осынау ширек ғасыр ішінде Қазақстан БҰҰ-на мүшесі болды, әлемніӊ 120-дан аса елінде дипломатиялық өкілдіктеріміз ашылып, барлығымен теӊ дәрежеде қарым-қатынас орнады. Өзіміздіӊ ұлттық қорғанысымыз, ішкі істеріміз, ұлттық гвардиямыз қалыптасты. Өз шекарамызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қорғайтын осындай деӊгейге жеттік. Бұл салада Сіздердіӊ де атқарған үлестеріӊіз мол. Осы кезеӊ ішінде ішкі істер қызметкерлері, әскерлері, ұлттық гвардия еліміздіӊ тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауда, тұрақтылықты нығайтуда әрқашан алдыӊғы сапта бола білді", - Ж.Түймебаев.

Мұнан соӊ, аймақ басшысы ұлттық гвардия мен ішкі істер саласында үздік қызмет еткен 15 азаматты облыс әкімініӊ Алғыс хатымен марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. Ал мерекелік шара барысы гарнизондық саптық жиынныӊ салтанатты маршымен ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны