02.12.2016, 17:55 4572

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметініӊ дәрігерлері біліктілік жетілдіруде

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасыныӊ дәрігерлерінен жасақталған бір топ өкілдермен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасыныӊ дәрігерлерінен жасақталған бір топ өкілдермен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊа туған балаларға көрсетілетін медициналық көмектіӊ сапасын жақсарту, нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатындағы тәжірибесімен бөлісуге келген жұмысшы топқа Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түрік агенттігі (TIKA) ұйытқы болып, оны оқу бөлімініӊ бастығы Мустафа Хасим бастап келіп отыр.

Кездесуде тараптар бауырлас қос мемлекеттіӊ қарым-қатынасы мен бірлескен жобалар жайын сөз етіп, бүгіннен басталатын шеберлік сабағыныӊ нақты міндеттері бойынша әӊгімелесті.

Атап айтқанда, 2-4 желтоқсан аралығында Түркиядан келген мамандар облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметініӊ дәрігерлеріне - неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге арналған теориялық және практикалық дәрістер өтіп, біліктілігін жоғарылату бойынша арнайы оқыту курсынан өткізеді. Шеберлік сабағына 30-ға жуық маман қатысады деп жоспарлануда.

Облыстық балалар клиникалық ауруханасыныӊ халықаралық технологиялар орталығыныӊ базасында өтететін шарада жаӊа туған балаларда кездесетін түрлі шұғыл жағдайлар (асфиксия, тыныс алу жеткіліксіздігі) кезінде тиімді реанимациялық көмекті сапалы жүргізе білуге, науқас және дені сау жаӊа туған балаларға мамандандырылған күтім жасауға, ерте жастағы балалардағы көрудіӊ бұзылыстарын уақтылы анықтауға оқыту бағдарламалары жоспарланған. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жаӊа туған балаларға реанимациялық көмек көрсету бойынша заманауи симуляциялық манекендерге тәжірибе жасап дағдыланады.

Осындай оқыту бағдарламасымен таныстырған түркиялық дәрігерлер мұндай тәжірибе алмасу шараларыныӊ бұған дейін әзербайжандық дәрігерлермен ұйымдастырылып, оӊ нәтиже көрсеткенін атап өтті. Осынау жетістіктерге қанық болған аймақ басшысы Ж.Түймебаев жұмысшы топқа сәттілік тіледі.

Айта кету керек, үш күндік дәріс кезінде ерекше көзге түсіп, арнайы емтиханнан сүрінбей өткен бірқатар медицина қызметкерлеріне сертификаттар табысталып, оларға Түркияда білімін жетілдіруге жолдама берілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны