03.04.2007, 12:44 1510

Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы көшелерді тазалауға 100 техника сатып алды

ШЫМКЕНТ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы көшелерді тазалау мақсатында 100 техника сатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеше Шымкент көшелерін тазалау және қоқыстарды жинау үшін сатып алынған техникалардың тұсаукесері өткізілді. Олардың арасында тракторлар, қоқыс тасығыш көліктер, жуғыш-суарғыштар , автогрейдерлер, кәріз жүйелерін тазартушы машиналар, Швейцарияның сүйретпелі үш сыпырғыш-тазалағыш агрегаты бар.

"Бұлар саладағы ең таңдаулы техника үлгілері. Олар уақыт пен тәжірибенің сынағынан өткен. Мәселен, Швейцарияның "Бродвей" тазарту машиналарын алсақ, осындай үш машина Шымкентті толық тазартып шыға алады. 30 шақырым жылдамдықпен қозғалатын бұл көліктердің артына қоқыс пен лас деген мүлдем қалмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар мен жолдың бордюр бөлігін де тазартады. Алып грейдерлер тазалай алмайтын жерлерді "Бродвей" оңай тазартып шығады",- деді облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің Kazakhstan Today агенттігіне хабарлауынша, 595 млн теңге тұратын техника облыстық бюджет есебінен лизингіге сатып алынған. Бүгінгі жағдаймен 85 техника жеткізілді, жуырда тағы 16 техника әкелінбек. Барлық техника қаланы тазартумен шұғылданатын "ЛТД "Тұрмыс" ЖШС-нің балансына өткерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны