14.10.2016, 20:51 4853

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ дәрігерлері ота жасауды кореялық әріптестерінен үйренуде

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ хирург-дәрігерлері медицинасы дамыған Оӊтүстік Корея республикасыныӊ білікті мамандарынан ота жасаудыӊ кейбір тәсілдерін үйренуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Шымкент. 14 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ хирург-дәрігерлері медицинасы дамыған Оӊтүстік Корея республикасыныӊ білікті мамандарынан ота жасаудыӊ кейбір тәсілдерін үйренуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кеше осыған орай облыстық клиникалық аурухананыӊ хирургия бөлімшесініӊ меӊгерушісі Жанболат Ділдабеков БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Оныӊ айтуынша, аталған медициналық мекеме басшысыныӊ арнайы шақыруымен Сеулден Ги Уон Сон, Сон Джун Гол профессорлар мен сол елдегі медициналық орталықтыӊ әлеуметтік мәселелері жөніндегі менеджері Джошуа Джеон Шымкентке келген. Олар облыстық клиниканыӊ техникалық жағдайымен танысып, бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласыпты.

"Нәтижесінде бірнеше дәрігеріміз Кореяға барып тәжірибе жинап қайтты. Бауырға ота жасаудыӊ тәсілдерін үйренді. Жыл басынан облыстық клиникалық ауруханада 13 науқасқа резекция жасалды. Резекция дегеніміз бауырдыӊ зардап шеккен бөлігін алып тастау. Бұл оӊай шаруа емес. Бауыр трансплантациясында аса қажетті тәжірибе. Бауырдыӊ бір бөлігі донорда қалса, екінші бөлігі науқасқа салынады. Мақсатымыз - күрделі оталарды өз елімізде жасау", - дейді ол.

Тәжірибе алмасуда Оӊтүстік Кореяныӊ таӊдалуы бекер емес. Себебі, бұл елде бауыр алмастыру 1992 жылдан бастап қолға алынған екен. Жиырма үш жылда олар 5 мыӊнан астам науқасқа ота жасаған. Соныӊ 85 пайызы туысқандық донорды пайдаланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны