15.03.2007, 17:18 3188

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау депратаментінің бұрынғы директоры мен оның күйеуі екінші адвокат жалдады

ШЫМКЕНТ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау депратаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен Қазақстан Республикасының медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті басқармасының бұрынғы басшысы Рысқұлбек Байхарашев тағы бір адвокат жалдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін балаларға ВИЧ індетін жұқтыру жөніндегі іс бойынша таңертеңгі сот отырысында сотқа жаңа адвокат Айгүл Ибрагимова таныстырылды. Ол, айыпталушы Н. Тасмағамбетова мен Р. Байхарашевтың мүддесін қорғайтындығын мәлім етті. Сот Зиядинхан Пірниязовтың оның осы айыпталушылардың мүддесін қорғап отырған адвокат Сапар Иміртаевқа көмектесетіндігі немесе айыпталушылардың мүддесін дербес қорғайтындығы туралы қойған сұрағына, ол "қорғаудың қатар жүргізетіндігі" туралы жауап берді. Процесске қатысушылар тарапынан сот процессіне жаңа адвокаттың қатысуына қарсы наразылық танытылмады.

Н. Тасмағамбетова мен Р. Байхарашев ерлі-зайыптылар болып табылады. Балаларға ВИЧ індетін жұқтыру ісі бойынша екеуі де "немқұрайлылық" бабымен айыпталуда. Олардың екінші адвокатқа жүгінуінің себебі түсіндірілмеді, бірақ мамандар бұл сот отырысының жиілігіне байланысты, деген болжам жасады. Қазір сот отырысы аптасына төрт күн, таңертең және кешке өтеді. Мұндай режим адвокаттардың көп уақытын алады, және де олардың әрқайсысы басқа процесстерге де қатысады.

Бұрын хабарлағанымыздай, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 96 баладан, сондай-ақ 13 анадан анықталған болатын. Балаларға ВИЧ індетін жұқтыру жөніндегі іс бойынша сот процессі 19-қаңтарда басталған. Аталмыш іс бойынша 21 адам айыпталуда, оның 18 медицина қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны