28.09.2007, 13:56 3146

Оңтүстік Қазақстан облысының энергетиктері үкіметке электр қуатының тарифін тұрақтандыру жөнінде ұсыныс жасады

Оңтүстік Қазақстан облысының энергетиктері үкіметке электр қуатының тарифін тұрақтандыру жөнінде ұсыныс жасады


Шымкент. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының екі энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдарының ("Энергопоток" ЖШС және "Оңтүстік Жарық" ЖШС) жетекшілері - Салтанат Игисинова мен Пердебай Сәбитов Қазақстан үкіметіне және облыс әкімшілігіне электр энергиясының тарифін тұрақтандыру жөнінде ұсыныспен шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз үкіметтен солтүстік көздерден арзан электр энергиясын алу үшін квотаны ұлғайтуды өтінеміз. Сондай-ақ, ірі кәсіпорындарды жергілікті энергетика көздерінен тікелей қамтамасыз етуге қарсымыз", - деп мәлімдеді П. Сәбитов кеше Шымкент қаласында өткен баспасөз конференциясының барысында.

Өз кезегінде Салтанат Игисинова "Энергопоток" ЖШС-нің басшылығы Қазақстан Республикасының премьер-министріне солтүстік көздерден электр энергиясын алу квотасын сағатына 150 МВт-қа дейін ұлғайту мәселесін шешуге көмектесу туралы өтінішін жеткізгендігін хабарлады. Ол, сондай-ақ, қазіргі уақытта солтүстік көздерден арзан электр энергиясының келуі шамамен 100 МВт-ты құрап отырғандығын айтты. "Ирине, 45 қана МВт-ты құраған өткен жылмен салыстырғанда бұл жақсы көрсеткіш. Алайда, Жамбыл ГРЭС-інің өткізу бағасының кенеттен өсуіне байланысты жағдай өзгерді", - деді Салтанат Игисинова электр энергиясы әлеуметтік маңызды тауар және бағаның өсуі Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына кері әсер етуі мүмкін екендігін атай отырып.

Энергетиктер Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсембай Тұрғанов қол қойған жауап хатта оларға "солтүстік көздерден "KEGOC" АҚ-нан электр энергиясын алу көлемін келісу қажет екендігі және жетпей тұрған көлемді Жамбыл ГРЭС-імен келісім жасау қажеттілігі" айтылған. Министрліктен келген хатта "Жамбыл ГРЭС-інің тарифын ескере отырып энергиямен қамтамасыз етуші ұйым соңғы тұтынушыға жіберілер бағасын, ол жөнінде жергілікті антимонополия органын ескерте отырып анықтауы қажет" екендігі аталып өтілген. "Басқа сөзбен айтқанда, бізге тарифтерді көтеруден басқа жол жоқ екендігін емеурітіп отыр", - деп түсіндірді энергетиктер.

Сондай-ақ, П. Сәбитов 1 қазаннан бастап Шымкент қаласында және облысында электр энергиясының тарифы 27 пайызға өсіп, 8,24 теңгені құрайтындығын хабарлады. "Бұл 2007 жылдың 10 тамызы күні Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Жамбыл ГРЭС-ін жетекші орынға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауына байланысты. Қазір онда баға құру бақыланып отырған жоқ. Нәтижесінде электр энергиясының шығарылу бағасы үш есе өсіп, осы жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейінгі кезеңге қосымша құн салығын есептемегенде 6 теңге 19 тиынды құрап отыр", - деді П. Сәбитов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны