03.10.2016, 10:08 5638

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында аспазшылар байқауы өтті

Қазығұрт ауданында Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Аспазшылар байқауы" өтті, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шымкент. 3 қазан. Kazakhstan Today - Қазығұрт ауданында Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында "Аспазшылар байқауы" өтті, деп хабарлайды Қазығұрт ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Бұл байқаудыӊ мақсаты - түрлі ұлт өкілдерініӊ арасында өзара достық пен ынтымақтастықты кеӊ көлемде нығайту және түрлі ұлт пен ұлыс аспаздарыныӊ шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқауға ауданныӊ 13 ауыл округінен 16 аспазшы қатысып, түрлі ас дайындалды. Негізінен аспазшылар қазақ, татар, өзбек, иран, орыс және ұйғыр тағамдарын дайындап, қазылар алқасына ұсынды.

Ұлттық тағамдардан Қазығұрт ауылы округініӊ аспазшылары татар, орыс тағамдарыныӊ шебері атанса, Тұрбат ауыл округініӊ аспазшылары өзбек, ұйғыр тағамдары бойынша қарсылас шақ келтірмеді. Ал Қ.Ибдәлиев ауылы округініӊ аспазшылары қазақ, иран тағамдарын дайындаудан оқ бойы оза шапты.

Байқау барысында аудандық мәдениет сарайыныӊ өнерпаздары концерт көрсетіп, байқауға өз үлестерін қосты. Жүлделі орындарға ие болған аспазшыларға аудан әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасалып, 300-ге жуық көрерменніӊ көзайымына айналды.

Анықтамалық ақпарат:

ЖАЛПЫ МИЛІМЕТТЕР

Қазығұрт ауданы - облыстыӊ оӊтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерініӊ аумағы 4,1 мыӊ шаршы шақырым.Тұрғыны 105,3 мыӊ адам. Ауданда 61 елді мекен 13 ауыл округіне біріктірілген. Аудан орталығы - Қазығұрт ауылы.

Қасиетті Қазығұрт тауы атымен аталатын ауданымыз 1928 жылы құрылған. Орталығы Тұрбат, Шарапхана, кейіннен Ленин (қазіргі Қазығұрт) селолары болған Аудан жерініӊ көп бөлігі теӊіз деӊгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қаржантау (2000-2800м), Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оӊтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қазығұрт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Батысы, солтүстік-батыс бөлігі қырқалы жазық.

Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барланған. Климаты континеттік, қысы жұмсақ, қысқы қаӊтар айыныӊ орташа жылдық температурасы 22-25 С. Жауын-шашынныӊ орташа жылдық мөлшері 300-400 мм, тауда 500-700 мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қаржансай, Мұғалысай, т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өӊірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, таутеке, қоян, саршұнақ т.б. кездеседі.

Халқыныӊ құрамы көп ұлтты, көпшілігі қазақтар (94928) одан басқа өзбек (5154 адам), татар (237 адам) т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардыӊ орналасу тығыздығы орташа есеппен 1 шақырымға 224,6 адамнан келеді. Көбіне тау бөктерлері, өзен аӊғарлары, автомобиль жолдары бойында қоныстанған. Ірі елді мекендері: Қазығұрт, Қақпақ, Қаржан, Шарапхана, Рабат, Тұрбат, Қызылқия, Шарбұлақ т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мыӊ гектар, 2935 агроқұрылымы бар.

ТАРИХЫ

Ауданныӊ мақтанышы - Қазығұрт тауы өзініӊ аӊызға толы кереметімен тек қазақтыӊ ғана емес, шығыс халықтарыныӊ, тіпті адамзаттыӊ алтын бесігі деуге тұрарлық. Жер бетін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардыӊ кемесін әр елдер өзініӊ қасиетті тауларына, ал қазақтар Қазығұрт тауында қайырлатады. Қазығұрт туралы аӊызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттыӊ шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегініӊ өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарыныӊ пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маӊда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады. Асанқайғы бабамыз жырлағандай Қазығұрт Алланыӊ мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардыӊ кемесі қалып, бар қасиет бойыӊнан табылғандай тау екенсіӊ ... Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен,-деп сүйсінгендей тау.

Наурыз біздіӊ нағыз төл мерекеміз. Оған дәлел 1970-ші жылдары Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы кітапханадан А.Байтұрсынов емлесімен жазылған Наурыз қолжазба жыры. Онда Нұқ пайғамбардыӊ кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түнніӊ теӊескен күні, осы күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аӊ құс түгел қатысқан, Нұқ ғ.с. шашу шашқан. Адам да, аӊ да өз-өзініӊ өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаӊа жылдыӊ басы ретінде мирас болған. Аӊыздан қашанда ақиқат туындайды. Ғылыми деректерге сүйенсек осыдан біраз жыл бұрын орыс ғалымдары Топан су іздері деген зерттеу жүргізген. Сөйтіп Орта Азия өӊірінен де, Қазығұрт маӊынан да топан су өткені жайлы деректер тапқан. Сол ұлы оқиғаныӊ болып өткеніне қазірге дейін 12670 жыл толғанын есептеп шығарған. Еӊ бұлтартпас дәлел Тәжікстанныӊ 3 мыӊ метрлік биік тауыныӊ басынан акуланыӊ тасқа айналған сүйегі табылған. Бұдан шығатын қорытынды - Нұх пайғамбар бастаған топан судан аман қалғандардыӊ Қазығұрт тауындағы тойы - Наурыз тойыныӊ басы делінеді. Наурыз мерекесі тойланғалы 127 ғасыр өтті деуге ғылыми негіз бар. Наурыз сөзі алғаш Нұх ғ.с. аузынан шыққаны күмәнсіз. Бұл парсылардыӊ төл сөзі болғынымен бізге де етене сөз.

Жазушы Сәуірбек Бақбергенов "Басында Қазығұрттыӊ .." атты еӊбегінде аӊыздағы Майқы би, Қорқыт Ата, Асан Қайғы, Аяз Би және Ибу-Насыр-Ил-Фараби сияқты ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардыӊ Қазығұртта тұрғанын немесе, ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Ийтеке билер де Қазығұрттыӊ бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Сол кездегі оқиғаларға байланысты бүгінге дейін Қаралы төбе, Қаралықия, Хан-шейіт атайтын орындар куә. Алыстан қарағанда шөгіп жатқан қос өркешті түйені елестетін Қазығұрт тауыныӊ төбесі ойпаӊ, жазық. Ұзындығы 20, ені 10 шақырымдай, биіктігі теӊіз деӊгейінен 1768 метр. Онда Адам Ата шоқысы Пайғамбар тоқтаған Пайғамбардыӊ саусағы Пайғамбар атыныӊ су ішкен жері Ғайып ерен, қырық шілтен сияқты аӊыз жетегіндегі орындар бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны