24.10.2016, 17:31 4468

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Кентау қаласында өрт сөндіру бекеті биыл күрделі жөндеуден өтті

Баспасөз қызметініӊ мәліметтеріне қарағанда, салынғанына жарты ғасырдан астам уақыт өткен №12 өрт сөндіру гарнизоны 2016 жылға облыстық бюджеттен бөлінген 83 млн. теӊгеге күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаӊғыртылды

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Кентау қаласында өрт сөндіру бекеті жаӊартылып, қайта ашылды, деп хабарлайды Оӊтүстік Қазақстан облысы әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, салынғанына жарты ғасырдан астам уақыт өткен №12 өрт сөндіру гарнизоны 2016 жылға облыстық бюджеттен бөлінген 83 млн. теӊгеге күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаӊғыртылды. Бекеттіӊ салтанатты ашылу рәсіміне арнайы келген ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметініӊ бастығы Тұрдалы Кенжеқұлов қызметкерлерге қауіп пен қатерге толы қызметте сәттілік пен амандық тіледі.

Бекет арнайы жылытылатын үй-жаймен қамтамасыз етілген. Онда демалыс және тамақтану бөлмесі, техниканы орналастыруға арналған алаӊ бар. Автомобиль базасында өрт сөндірумен толық жабдықталған 3 техника тәуліктіӊ қай кезі болсын, жолға шығуға әзір. Қалада 95 мыӊнан астам адам тұрады. Ендігі жерде №12 өрт сөндіру бекеті Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендер аумағын тілсіз жаудан қорғайды.

Еліміздіӊ тәуелсіздік жылдарында осы күнге дейін барлық салалар дерлік айтарлықтай дамыды. Солардыӊ қатарында осы өрт сөндіру қызметініӊ алатын орны ерекше. Өйткені талай тілсіз жауды ауыздықтап, адам тағдырына араша болған да осы саланыӊ майталман мамандары. Енді қаланыӊ өрт сөндірушілері қандай қиындыққа болса да сақадай сай.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны