17.09.2016, 14:55 4401

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ құрамасы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ 1-ші республикалық спартакиадасыныӊ жеӊімпазы атанды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы жылдыӊ сәуірінде "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық", "Жылжымайтын мүлік орталығы" және "Жер кадастры ғылыми-зерттеу орталығы" 4 РМК базасында құрылғандығын еске саламыз. Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорацияда әртүрлі лауазымдарда 21 мыӊнан астам адам жұмыс жасайды.

Шымкент. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясыныӊ 1-ші республикалық спартакиадасыныӊ жеӊімпаздары анықталды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ департаменттері арасында жалпы командалық есепте бірінші орынды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ құрамасы алды. Ал футбол бойынша бірінші орынды Қостанай облысы, волейбол мен шахмат бойынша ОҚО құрамасы, арқан тартуда Маӊғыстау облысыныӊ құрамасы, эстафетада Солтүстік Қазақстан облысыныӊ құрамасы алды.

Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасыныӊ 25 жылдығын тойлауға орай өзініӊ жұмыскерлері арасында 8-10 қыркүйек аралығында 1-ші республикалық спартакиада өткізді. Шараға 14 облыстық, Астана және Алматы қалаларыныӊ филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік корпорацияныӊ орталық аппаратыныӊ 17 команда құрамасы қатысты.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары Медет Құмарғалиевтіӊ айтуынша, өӊірлік деӊгейдегі іріктеу турларында департаменттердіӊ 18 мыӊға жуық қызметкерлері қатысқан, бірақ Алматы қаласына бірінші командалық орынға таласуға барлығы 289 адам қатысты. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" жас және перспективті дамып келе жатқан ұйым. Ол 4 мекеменіӊ бірігуі арқылы құрылғандықтан, қазіргі уақытта ұжымныӊ бірігуі мен ынтымақтасу қажеттілігі бар, ал спорт адамдарды жақындастырады. Бүгін тек біз ғана емес, барлық Қазақстан оған үлкен көӊіл бөлуде", И деп атап өтті.

Медаль үшін күрес 5 спорт түрі бойынша өтті, бұл мини-футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және эстафета. Бастапқы кезеӊде қатысушылар сегізден бір финалға, одан кейін ширек финалға өту үшін күресті.

"Барлық қарсыластар өте күшті болды, дайындық республикалық спартакиадаға кім қатысатындығы белгілі болғаннан дейін жүргізілді. Соӊына дейін біздіӊ жеӊетіндігімізге сенген жоқпын, міне бүгін еркін демалуға болады, себебі спартакиаданыӊ "алтыны" Оӊтүстік Қазақстанға барады", И деді Оӊтүстік Қазақстан облысы құрама командасыныӊ капитаны, Оӊтүстік Қазақстан бойынша "Илеуметтік төлемдерді ведомствоаралық төлеу орталығы" департаментініӊ директоры Бахыт Басынбек.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осы жылдыӊ сәуірінде "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық", "Жылжымайтын мүлік орталығы" және "Жер кадастры ғылыми-зерттеу орталығы" 4 РМК базасында құрылғандығын еске саламыз. Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорацияда әртүрлі лауазымдарда 21 мыӊнан астам адам жұмыс жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны