05.08.2008, 10:43 1500

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында суармалы суды қоғамдық комиссиялар таратуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында суармалы суды қоғамдық комиссиялар таратуда

Шымкент. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында суармалы суды қоғамдық комиссиялар таратуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары Қанатбек Оспанбековқа сілтеме жасап.

"Мұндай бастаманы суармалы су тапшылығына байланысты оны пайдалануда ауылшаруашылығының тауар өндірушілері арасында шиеленіс тудырмау үшін аудан басшылығы көтерген. Қоғамдық комиссияларды дихандардың өздері құрып, оған ел сеніміне ие болған қариялар енуде. Кімге, қашан және қанша су беруді солар анықтап жатыр", - деді Қ. Оспанбеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны