15.06.2007, 18:57 3206

Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты денсаулық сақтауды дамытудың үш жылдық бағдарламасын қабылдады

ШЫМКЕНТ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихатының депутаттары ОҚО денсаулық сақтауды дамыту мен реформалаудың аймақтық бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Құжатты таныстыр келе облыс әкімінің орынбасары Тамара Дүйсенова, бағдарлама облыс тұрғындары денсаулығның қанағаттанарлықсыз жағдайына негізделіп қабылданғандығын атап өтті. "Өткен жылғы жалпы науқастану көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында 10 пайызға өсіп, 100 мың тұрғынға шаққанда 85 мың адамнан асып жығылған",- деді ол.

Икім орынбасарының айтуынша, облыстағы медицина саласын реформалау үш бағытта өтеді: көрсетілетін медициналық қызмет сапасын көтеру, денсаулық сақтау жүйесін қормен қамсыздандыруды арттыру, мамандар әлеуетін жақсарту.

Т. Дүйсенова, үш жылдық бағдарламаны жүзеге асыру барысында 500-ге жуық медициналық бөлімшелер салу жоспарланып отырғандығынан хабардар етті. Осымен қатар кезең-кезеңмен дәрігерлік амбулаториялар мен ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 2010 жылы 190 медициналық ұйымдар үшін 27 рентгендік диагностикалық аппарат, 27 - флюорография, 15 - УЗИ аппараттарын сатып алу жоспарлануда. Жаңалан ашылатын орталықтар үшін бірінші медициналық-санитарлық көмек ретінде 50 рентгендік диагностикалық аппараты, осынша флюорография мен УЗИ аппараттарын, сондай-ақ зертханалық және эндоскопиялық құрылғылар сатып алынады.

Т. Дүйсенованың айтуынша, Шымкентте жаңа қан құю және стерилизациялау орталықтарынан тұратын медициналық кластер, жаңа құрылғылары бар көпсалалы облыстық және қалалық балалар ауруханасын, Оңтсүтік Қазақстан облыстықмемлекеттік медициналық академияның оқу-клиникалық орталығы мен үш қалалық аурухана салу жоспарлануда.

Үш жыл ішінде облыста үш балалар ауруханасын - облыстық балалар ауруханасын, Шымкент пен Түркістан балалар ауруханасын - және Шымкентте балалар бөлімшелері бар үш көпсалалы емхана салу қарастырылған.

Сондай-ақ Т. Дүйсенова бағдарлама аясында мектептерде тіс емдеу бөлмелерін қалпына келтіру қарастырылғандығын хабарлады.

Жалпы бағдарлама бойынша облыстағы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін стратегиялық маңызы бар 17 қызметті (жедел жәрдем, фтизиатриялық, кардиологиялық, қан құю қызметі, тіс емдеу және басқалар) дамыту қарастырылған.

Облыс әкімінің ақпараттарына сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асыру үшін үш жыл ішінде 174,2 млрд теңге қажет. "Қаржы республикалық және жергілікті бюджет индикаторларын ескере отырып нақтыланады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны